Инвестициялау негіздері
Құжат қаржылық сауаттылық жөніндегі базалық оқу материалы ретінде пайдалануға арналған. Онда инвестициялау қағидаттары, қаржы нарықтарының түрлері, брокерлік шот ашу тәртібі, тәуекелді бағалау тәсілдері, инфляцияның ықпалы және жаңадан бастаушы инвесторлардың жиі қоятын сұрақтары түсіндіріледі
Инвестициялау негіздері →FinGramota.kz сайтына кіруді ұсынамыз
FinGramota.kz — пайдалы мақалалар мен түсіндірмелерді, өзекті қаржылық жаңалықтарды, бейнематериалдарды, көрнекі инфографиканы және басқа да білім беру ресурстарын біріктіретін оқу-ағарту медиапорталы. Платформа білімі мен қаржылық мүмкіндіктері әртүрлі адамдарға қаржы әлемінде жақсы бағдарлануға, негізделген шешімдер қабылдауға және өз қаражатын сауатты басқаруға көмектеседі.
fingramota.kz →Салық салу, KASE.kz материалы
KASE-де бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын кірістерге салық салу талаптары. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы және KASE-нің ресми тізімдеріне енгізілген бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты.
kase.kz →Қалай инвестор болуға болады, KASE.kz материалы
Жеке қаржысын басқаратын әрбір адамның басты мақсаты — жинақтарын сақтау және көбейту. Қор нарығының құралдары дұрыс пайдаланылған жағдайда ақшаны баға ауытқуларынан қорғауға және қосымша кіріс алуға көмектеседі.
kase.kz →KASE Academy
KASE академиясы — «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның қаржылық сауаттылықты дамытуға және қор нарығы туралы білім деңгейін арттыруға бағытталған білім беру бастамасы. Академия жеке инвесторлардан бастап Қазақстанның қаржы саласындағы мамандарына дейінгі кең аудиторияға арналған курстарға, вебинарларға және оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
KASE Academy →| Алфавит бойынша сұрыптау |
|---|
|
КАК ПОНЯТЬ, ЧТО ПЕРЕД ВАМИ МОШЕННИК
|
|
КАК НАКОПИТЬ КАПИТАЛ — ДОБРЫЙ И ЗЛОЙ ПУТЬ
|
|
Инвестиции. Уильям Шарп
|
|
Черепахи-трейдеры. Легендарная история, ее уроки и результаты. Майкл Ковел
|
|
Торговля акциями. Классическая формула тайминга, управления капиталом и эмоциями. Джесси Ливермор
|
|
Технический анализ. Полный курс. Джек Швагер
|
|
Обыкновенные акции и необыкновенные доходы. Филип Фишер
|
|
Самоучитель трейдера. Психология, техника, тактика и стратегия. Бретт Стинбарджер
|
|
Фондовый рынок для начинающих. Курс для начинающих
|
|
Фондовый рынок США для начинающих инвесторов. Тамара Теплова
|
|
Разумный инвестор. Бенджамин Грэхем
|
|
О самом важном. Говард Маркс
|
|
Давай поговорим о твоих доходах и расходах. Карл Ричардс
|
|
Психология инвестиций. Как перестать делать глупости со своими деньгами. Карл Ричардс
|
|
Случайное блуждание на Уолл-стрит: испытанная временем стратегия успешных инвестиций. Бёртон Малкиел
|
|
Десять главных правил для начинающего инвестора. Бёртон Малкиел
|
|
Основы биржевой торговли. Александр Элдер
|
|
Как играть и выигрывать на бирже. Психология. Технический анализ. Контроль над капиталом. Александр Элдер
|
|
6. Особенности привлечения инвестиций через облигации
|
|
5. Лучше чем валютный депозит
|
|
4. Как получить доход на временно свободные тенге и доллары
|
|
3. Презентация по работе рынка ценных бумаг: часть 3
|
|
2. Презентация по работе рынка ценных бумаг: часть 2
|
|
1. Презентация по работе рынка ценных бумаг: часть 1
|
Жаңадан бастаушы инвесторларға арналған жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар
1. Инвестициялау негіздері
Инвестиция деген не?
Инвестиция — капиталды сақтау және кіріс алу мақсатында ақшаны қаржы құралдарына немесе басқа активтерге салу. Кіріс актив құнының өсуі, дивидендтер, купондық төлемдер немесе валюталық қайта бағалау есебінен қалыптасуы мүмкін. Инвестиция әрқашан тәуекелмен байланысты: салымдардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін.
Неліктен инвестициялау қажет?
Негізгі мақсаттар:
- жинақтарды инфляциядан қорғау;
- капитал қалыптастыру;
- тұрақты кіріс алу;
- ұзақ мерзімді мақсаттарға қаражат жинау;
- компаниялар мен экономиканың өсуіне қатысу.
Инвестициялау қаржылық резервті алмастырмайды: ағымдағы шығыстарға және күтпеген жағдайларға арналған қаражатты бөлек сақтаған жөн.
Брокер деген кім?
Брокер — лицензиясы бар және клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен әрі мүддесі үшін қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Брокердің банктен айырмашылығы неде?
Банк негізінен шоттарға, аударымдарға, депозиттер мен кредиттерге қызмет көрсетеді. Брокер қор биржаларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді және акцияларды, облигацияларды, пайларды, ETF-терді және басқа да құралдарды сатып алуға әрі сатуға мүмкіндік береді.
Брокер арқылы жасалатын инвестициялар банк депозиті болып табылмайды, тіркелген кепілді кірістілігі жоқ және шығынға әкелуі мүмкін.
Қор биржасы деген не?
Қор биржасы — сатып алушылар мен сатушылар белгіленген қағидалар бойынша бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын ұйымдастырылған сауда алаңы.
- KASE — Қазақстан қор биржасы;
- AIX — «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы.
Биржада брокерсіз сауда жасауға бола ма?
Әдетте, болмайды. Жеке инвестор сауда-саттыққа лицензияланған брокер арқылы шығады.
Брокерді қалай тексеруге болады?
Мыналарды тексеру қажет: қолданыстағы лицензиясының болуын; заңды тұлғаның атауын; ресми интернет-ресурсын; рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін; қолжетімді сауда алаңдарын; тарифтер мен комиссияларды; клиент активтерін сақтау тәртібін; ресми байланыс деректерін.
Қазақстандық брокердің лицензиясын ҚНРДА-ның ресми сайтынан, ал АХҚО қатысушысының лицензиясын AFSA тізілімінен тексеру қажет.
Брокерлік шот деген не?
Бұл клиенттің ақшасы мен қаржы құралдарын есепке алуға, есеп айырысулар жүргізуге және мәмілелерді орындауға арналған шот.
Инвестордың ақшасы мен бағалы қағаздары қайда сақталады?
Ақша брокердің меншікті қаражатынан бөлек есепке алынады. Бағалы қағаздарға құқықтар депозитарлық жүйеде есепке алынады.
2. Шот ашу және оған қызмет көрсету
Брокерлік шотты қалай ашуға болады?
Әдетте: кеңсеге жүгіну; жеке куәлікті немесе паспортты ұсыну; клиент сауалнамасын толтыру; шартқа қол қою; шоттың ашылғаны туралы растауды күту; шотты толықтыру.
Брокерлік шотты неше жастан бастап ашуға болады?
Стандартты брокерлік шотты өз бетінше ашу, әдетте, 18 жастан бастап қолжетімді.
Инвестициялауды қандай сомадан бастауға болады?
Барлығына ортақ ресми ең төменгі сома белгіленбеген. Ең төменгі сома қаржы құралының құнына, биржалық лоттың мөлшеріне, комиссияларға және брокердің талаптарына байланысты.
Брокерлік шотты қалай толықтыруға болады?
Әдетте, шот брокердің деректемелері бойынша банк аударымы арқылы толықтырылады.
Ақшаны қалай алуға болады?
Клиент жеке кабинетте немесе мобильді қосымшада ақша алуға өкім береді. Ақша клиенттің атына ашылған банк шотына аударылады.
«Мәміле бойынша есеп айырысу жүргізілуде» мәртебесі нені білдіреді?
Бұл мәміле жасалғанын, бірақ ақша мен бағалы қағаздарды түпкілікті аудару әлі аяқталмағанын білдіреді. Көптеген биржалық мәмілелер үшін T+2 режимі қолданылады.
Инвестор қандай комиссияларды төлеуі мүмкін?
- мәміле үшін брокерлік комиссия;
- биржа комиссиясы;
- депозитарлық немесе кастодиандық шығыстар;
- шетелдік контрагенттің комиссиясы;
- валютаны айырбастау шығыстары;
- банк комиссиясы;
- қордың басқарушы компаниясының сыйақысы.
3. Қаржы құралдары
Бағалы қағаздардың қандай түрлері болады?
Ең көп таралған құралдар: акциялар, облигациялар, мемлекеттік бағалы қағаздар, инвестициялық қорлардың пайлары, ETF, депозитарлық қолхаттар, туынды қаржы құралдары.
Акция деген не?
Акция оның иесінің акционерлік қоғамдағы үлесін растайды. Акция иесі дивидендтер түрінде және акцияның нарықтық құнының өсуі есебінен кіріс алуы мүмкін. Кепілдік берілмейді.
Облигация деген не?
Облигация — борыштық құрал. Оны сатып ала отырып, инвестор эмитентке белгілі бір талаптармен ақша береді. Негізгі тәуекел — эмитенттің купонды уақтылы төлей алмауы немесе облигацияны өтей алмауы.
Дивидендтер мен купондар деген не?
Дивидендтер — акционерлер арасында бөлінетін компания пайдасының бір бөлігі. Купон — облигацияны шығару талаптарында көзделген, оның иесіне төленетін төлем.
Облигацияны өтеу мерзіміне дейін сатуға бола ма?
Егер облигация қайталама нарықта айналыста болса және оған сұраныс бар болса, оны өтеу мерзіміне дейін ағымдағы нарықтық бағамен сатуға болады.
ETF деген не?
ETF — пайлары немесе акциялары биржада айналыста болатын биржалық қор. Бір мәміле арқылы әртараптандырылған активтер жиынтығын алу мүмкіндігі — оның артықшылығы.
ПИҚ деген не?
Пайлық инвестициялық қор бірнеше инвестордың қаражатын біріктіреді. Басқарушы компания бұл қаражатты қордың стратегиясы мен қағидаларына сәйкес инвестициялайды.
ПИҚ активтерін кім сақтайды?
Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын кастодиан сақтайды және есепке алады.
ПИҚ кірістілігіне кепілдік беруге бола ма?
Жоқ. Пайдың құны қор активтерінің құнына байланысты және өзгеруі мүмкін. Бұрынғы кірістілік болашақ нәтижеге кепілдік бермейді.
4. Тәуекел және кірістілік
Тәуекелсіз жоғары кірістілік бола ма?
Жоқ. Ықтимал жоғары кірістілік жоғары тәуекелмен қатар жүреді. Тәуекелсіз кепілді жоғары пайда туралы уәде — алаяқтық ұсынысқа тән белгі.
Қандай негізгі тәуекелдер бар?
Нарықтық, кредиттік, валюталық, пайыздық, өтімділік тәуекелі, инфляциялық, операциялық, елдік, құқықтық, шоғырлану тәуекелі, қарыз қаражатын пайдалану тәуекелі. Инвестор салынған соманың бір бөлігін немесе барлығын жоғалтуы мүмкін.
Әртараптандыру деген не?
Бұл салымдарды әртүрлі құралдар, эмитенттер, салалар, елдер, валюталар және мерзімдер арасында бөлу. Портфельдің бір эмитентке тәуелділігін азайтады, бірақ жалпы нарықтық тәуекелді жоймайды.
Инвестициялық тәуекелді қалай бақылауға болады?
Мақсат пен мерзімін айқындау; жол берілетін шығын мөлшерін бағалау; қаржылық резерв қалыптастыру; портфельді әртараптандыру; бір позицияның мөлшерін шектеу; аса қажетті қаражатты инвестицияламау; эмитенттің құжаттарын зерделеу; комиссиялар мен салықтарды ескеру; портфельді жүйелі түрде қайта қарау.
Қай кезде сатып алу немесе сату керектігін қалай түсінуге болады?
Барлығына ортақ қолайлы сәт жоқ. Шешім клиенттің инвестициялық стратегиясына, мақсатына және жол берілетін тәуекеліне сәйкес келуге тиіс.
Номиналды кірістіліктің нақты кірістіліктен айырмашылығы неде?
Номиналды кірістілік инфляцияға түзету енгізбестен салымдар құнының өзгеруін көрсетеді. Нақты кірістілік инфляция ескерілгеннен кейін капиталдың сатып алу қабілетінің өзгеруін көрсетеді.
Күрделі пайыз деген не?
Бұл алынған кіріс қайта инвестицияланып, кейіннен өзі де кіріс әкелетін әсер. Инвестициялау мерзімі ұзақ болса, әсері айқын болады.
Тек бұрынғы кірістілікке сүйенуге бола ма?
Жоқ. Тарихи нәтижелер құралдың өткен кезеңдегі әрекетін көрсетеді, бірақ сол нәтиженің қайталануына кепілдік бермейді.
5. Инвестордың қауіпсіздігі
Алаяқтық ұсынысты қалай тануға болады?
- кепілді жоғары кірістілік;
- ақшаны шұғыл аударуды талап ету;
- тек мессенджер арқылы байланысу;
- жеке тұлғаның картасына ақша аудару;
- құпиясөзді немесе SMS-кодты сұрау;
- қашықтан қол жеткізу бағдарламасын орнатуды ұсыну;
- лицензияның болмауы;
- жалған сайт немесе аккаунт;
- шартты ұсынудан бас тарту.
Брокер қызметкері құпиясөзді немесе SMS-кодты сұрай ала ма?
Жоқ. Құпиясөздерді, бір реттік кодтарды, банк картасының деректерін және ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
Демо-шот не үшін қажет?
Демо-шот нақты ақшаны пайдаланбай, құралдарды сатып алу мен сатуды үйренуге мүмкіндік береді. Пайда мен шығындар виртуалды.