Бағалы қағаздарды қалай таңдауға болады
Қор нарығына алғаш рет келген әрбір адам– "қандай акцияларды таңдау керек?" деген сұрақты қояды. Сіздің акцияларға инвестициялау жоспарыңыз таңдаған инвестициялық стратегияға байланысты болады. Бірақ әлі де міндетті түрде назар аударатын акциялардың белгілі бір сипаттамалары бар.
1. Акцияға пайдасы - EPS(Earnings per share)
EPS - акцияларды таңдау кезінде компанияның қаржылық есебінде назар аударуды қажет ететін алғашқы көрсеткіштердің бірі. EPS неғұрлым жоғары болса, соғұрлым 1 акцияға алатын пайдасы жоғары болады
2. Түсім – Revenue
Егер компанияның пайдасы онынң тиімділік көрсеткіші болса, онда түсім компанияның өз қызметін қалай жүргізетінін көрсетеді. Түсім өсуінің оң динамикасы компания дамуының жақсы көрсеткіші болып табылады
3. Мультипликаторлардың көмегі арқылы компанияның салыстырмалы бағалауы – Relative Value
Нарықта сауда жасайтын көптеген компаниялар үшін мультипликаторлар көмегімен салыстырмалы нарықтық бағалау жасауды мумкіндіктері бар. Бұл әдіс таңдаған компанияңыздың акцияларының бағалау құнын ұқсас компаниялар тобының акцияларының құнымен салыстыруға мүмкіндік береді.
Біз назар аударатын негізгі мулитипликаторларға мыналар жатады
-
P/E Ratio(Бағасы / пайдасы),P/S Ratio(Бағаcы / түсімі)
- P/B Ratio
- EV/EBITDA, EV/Sales
4. Қарыз және меншікті каражаттардың ара салмағы– Debt / equity Ratio
Бұл коэффициент 1 доллар меншікті қаражатқа қанша қарыз қаражаты келетінін көрсетеді. Дамып отырған компаниялардың несие алуы әдеті бар жағдайға қарамастан, түсім мен пайданың өсуімен компанияның қарызы азаймаса, сатып алудан бұрын екі рет ойлану керек.
5. Дивидендті табыстылық
Барлық компаниялар дивидендтерді төлемейді және бәрі сіздің инвестициялық стратегияңызға байланысты. Бірақ егер сіз өзіңіз үшін дивидендтік стратегияны таңдаған болсаңыз, онда сенімді эмитенттер дивидендтерді төлегенде өзінің тұрақтылығы мен дәлдігімен ерекшеленетінін есте ұстаған жөн.
6. Талдаушылардың ұсынымдары
Компанияның ішкі болжамдарына ғана сенбеңіз. Нарықтағы ақпараттың маңызды көздерінің бірі аналитикалық есептер болып табылады. Әрбір талдаушының өз көзқарасы мен өз болжамы болса да, олардың шолулары компанияңыз үшін соңғы маңызды оқиғалардан хабарда болуға көмектеседі.
Әрбір облигацияның шығарылымында сатып алудан бұрын ескеруге қажет бірнеше маңызды параметрлер бар
-
Өтеу дейінгі табыстылық (YTM)- облигацияның иесі оны ағымдағы нарықтық баға бойынша сатып алып, оны өтеуге дейін ұстаған жағдайда алатын болса жылдық пайыздық табысы. Өтеу дейінгі табыстылық облигацияны ұстау арқылы алатын купондық төлемдерді ескередіЖоғары табыстылық оң болуы нақты жағдайларға байланысты. Бір жағынан, өтеуге дейін жоғары табыстылық тиімді мәміле жасау мүмкіндігін көрсетуі мүмкін, өйткені қарастырылып отырған облигация оның номиналды құнынан төмен бағада қол жетімді. Бірақ бұл жеңілдік облигацияны шығаратын компанияның несие қабілеттілігі немесе баламалы инвестициялар қамтамасыз еткен пайыздық мөлшерлемелермен сияқты іргелі факторлармен ақтанылады ма, сол негізгі мәселе. Инвестициялау кезінде жиі болатындай, қосымша кешенді тексеру қажет болады.
-
Өтеу күні- эмитент облигацияларды ұстаушылардың алдындағы берешекті өтеуге міндетті күн. Бұл күн әдетте купондық соңғы төлем күніне сәйкес келеді.Өтеу мерзіміне дейін қалған мерзімге байланысты облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Әдетте, өтеу мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі облигация қысқа мерзімді облигация деп аталады. Орта мерзімді облигацияларға әдетте төрт жылдан он жылға дейінгі өтеу мерзімі бар облигациялар жатады, ал ұзақ мерзімді облигацияларға өтеу мерзімі 10 жылдан асатын облигациялар жатады. Облигацияның мерзімі қандай болса да, қарыз алушы облигация өтеу мерзіміне жеткенде және сізге түпкілікті пайыздық төлем мен қарызға алған бастапқы сома(негізгі қарыз) төленген кезде өзінің борыштық міндеттемесін орындайды.Облигация мерзімін таңдау үшін инвестор өзінің инвестициялық көкжиегін бағалауы және күні мен оның мақсаттары сәйкес келетін қағаздарды таңдауы керек. Сондай - ақ макроэкономикалық факторларға назар аудару қажет. Мысалы, егер сіз пайыздық мөлшерлемелер көтеріледі деп ойласаңыз, онда сіз қағаздардың қысқартылған шығарылымдарына немесе құбылмалы мөлшерлемесі бар қағаздарға артықшылық беруіңіз керек. Егер пайыздық мөлшерлеме төмендейді деп күтілсе, онда портфельдің бір бөлігін ұзақ мерзімді қағаздарға бөлуге болады, осылайша инвестор үшін қолайлы пайыздық мөлшерлеме бекітілетеді.
-
Рейтинг.Рейтингтік агенттіктер әрбір облигацияның эмитентінің(соның ішінде муниципалды облигациялардың эмитенттерін) қаржылық жағдайын зерттейді және ұсынылған облигацияларға рейтингтер береді.Әрбір агенттікте инвесторларға басқа облигациялармен салыстырғанда осы облигацияның несиелік сапасын бағалауға көмектесетін ұқсас иерархиясы бар. BBB - (Standard & Poor's және Fitch бойынша) немесе Baa3(Moody's бойынша) рейтингпен немесе одан жоғары облигациялар "инвестициялық" болып саналады. Төменгі рейтингпен облигациялар «алыпсатарлық» болып саналады және көбінесе «жоғары кірістілік» немесе «қоқыс» облигациялар деп аталады. Ұзақ мерзімді облигацияларды таңдаған кезде төлем қабілеттілігі сұрақ тудырмайтын, рейтингі жоғары ірі эмитенттерге артықшылық берген жөн.
-
Өтімділік.Облигацияларды таңдаудағы тағы бір маңызды фактор өтімділік болып табылады. Өтімділік көрсеткіштері күнделікті сауда көлемі және таңдалған құрал бойынша мәмілелердің жиілігі болып табылады. Қағаздар неғұрлым өтімді болса, инвестордың құнын жоғалтпай, қажет болған жағдайда осы қағаздарды сату мүмкіндігі соғұрлым көп болады.
-
Купонның шамасы– облигацияларды ұстау үшін мерзімді төлемдер сомасын көрсетедіБасқа тең болған жағдайда, купондық мөлшерлемелері жоғары облигациялар купондық мөлшерлемелері төмен облигацияларға қарағанда инвесторларға қалаулырақ.
-
Купонның төлем кезеңділігі– сіз купондық табысты қаншалықты жиі алып тұратыныПайыздық есептеудің көп кезеңдері сізге пайыз алуға немесе оны пайыздарға бірнеше рет қосуға мүмкіндік береді
-
Жинақталған купондық табыс– ол, егер сіз облигацияны екі купондық төлем арасында сатуды шешсеңіз, облигацияның жаңа иесі сізге төлейтін купондық кірістің бөлігі. Бұл облигациялардың қарапайым банк депозиттерінен маңызды артықшылықтарының бірі: облигацияларды кез келген уақытта жинақталған пайыздық табысты жоғалтпай сатуға болады.